Қытай мен Қазақстан арасында жаңа теміржол бағыты ашылды

Жарияланды
Жол жүру уақыты 45 күннен 13-ке дейін қысқарады

Қытайдың оңтүстігіндегі Наньнин қаласы мен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласын байланыстыратын жаңа теміржол бағыты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тиеген пойыз сенбі күні Наньнин халықаралық теміржол портынан кетіп, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді. 

Ұзындығы 5031 км болатын бұл маршрут «Қытай-Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды.

 Қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing инжинирингтік компаниясы хабарлағандай, жаңа маршрут іске қосылғанға дейін жабдықты автомобильмен тасымалдауға 45 күннен астам уақыт қажет болды. China Railway Nanning Group өкілі Чжоу Ситунның айтуынша, жаңа бағыт Нанниннің « Бір белдеу- бір жол» бастамасындағы рөлін арттыру үшін өте маңызды.

 

Сондай-ақ оқыңыз