Қазақстан дамуының ұлттық жоспары қандай?

Жарияланды
Жекелеген салалардың дамуы үшін қандай бастамалар қолға алынбақ?

Алдағы уақытта еліміздің мемлекеттік жоспарлау жүйесінде күрделі өзгерістер болмақ. Жақында ғана тікелей президент тапсырмасымен құрылған стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Үкіметпен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, озық халықаралық елдердің ұқсас жүйелерінің тәжірибесін ескере отырып жүйені жаңартып шыққан. 

Агенттік төрағасы Қайрат Келімбетов «Қазақстан-2050» стратегиясының қазіргі заман ахуалында және әлемдік дамудың қалыптасқан үрдісімен үйлесе отырып іске асырылуын қамтамасыз ететін үш деңгейлі иерархиялық жүйені сақтап қалғандарын айтады. «Қазақстан-2050» мемлекет дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын елдің негізгі құжаты болып қала береді. 

2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Жалпыұлттық басымдықтары үш бағытқа бөлінген: азаматтардың әл-ауқаты; институттардың сапасы; қуатты экономика. 

«Азаматтардың әл-ауқаты» бағыты үш басымдықты қамтиды: 

•    Әділетті әлеуметтік саясат; 
•    Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі; 
•    Сапалы білім. 

 «Денсаулық сақтауды дамытудың қолжетімді және тиімді жүйесінің басымдығы – мемлекет айналысатын негізгі бағыт. Медициналық мекемелерді қайта жарақтандыру, негізгі қалалар мен облыстарда жаңа заманауи медициналық орталықтар салу және ауылдық жерлерде  денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде маңызды жоспарлар бар» деді Келімбетов. 

Ұлттық жоспарының негізгі тезистері мынадай: 

   Мұнайға тәуелділіктен құтылу, мұнайға жатпайтын экономиканы құру басталады. 

Мемлекет «халық үніне құлақ асатын», тиімді, қоғам алдында есеп беретін, кәсіби және прагматикалық болуы қажет. Осы қағидаттарға сүйену үшін мемлекеттік аппарат тоғыз негізгі міндетті орындауы қажет: 

1) Клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; 2) Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ реформалар жүргізу тәсілдерін жетілдіру; 
3) Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; 
4) Азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу; 
5) Адами ресурстардың сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру; 
6) Тиімді, оңтайлы және ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру; 
7) Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру; 
8) Бизнесті дамытуға арналған қолайлы жағдайлар жасау; 
9) Мемлекеттің сервистік моделін құру үшінсот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау. 

    1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz ұлттық статистика бюросының арнайы сайты ашылады. Бұл онлайн-режимде санақ аясында қойылатын барлық сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. 

   2025 жылға қарай қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7%-тен аспайтын деңгейге төмендейді. 

 «Мемлекеттің әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады. Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің өтінім нысанынан анықтау нысанына көшу жүзеге асырылады» деді ұлттық экономика министрі. 

   Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. 2025 жылға қарай азаматтардың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға бағдарлана отырып, пациент-орталық медицинасына көшу жүзеге асырылады, сондай-ақ ауылдар мен қалаларда сапалы медициналық қызмет көрсетуге кепілдік беріледі. 

   Барлық өңірде 20 заманауи медициналық орталық, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді. 

    2023 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есе өседі. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі мекемелерде балалар 100% қамтылады. Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады. 2025 жылға дейін білім беруге қолайлы жағдай туғызу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Бұл апатты және үш ауысымды мектеп, орын тапшылығы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. 

    Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша ел өңірлерінде 2 жетекші ЖОО құрылатын болады. Еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 20 университетінің базасында Академиялық артықшылық орталықтары құрылады. 

    «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту» жалпыұлттық басымдығы ҚР 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде ұлттық мүдделерді тиімді қорғауды қамтамасыз етуді көздейді. Оны іске асыру нәтижесі қоғамдық қауіпсіздікті 80%-ке дейін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономика үлесін 15%-ке дейін төмендету болады. 

   Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 15%-ке дейін, ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 4 млн адамға дейін өседі. Экономиканы индустрияландыру жөніндегі жұмыстың негізгі нәтижесі – өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемін 1,5 есе ұлғайту болады. 

    350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе, қайта өңделген АӨК өнімінің үлесі 70% дейін ұлғаяды. 

   2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестиция көлемін $30 млрд жеткізу жоспарлануда. Бұл негізгі капиталға инвестиция деңгейін 30% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

    Шикізаттық емес экспорт 2 есе $41 млрд ұлғаяды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз