1 view

Мемлекет қандай ірі туристік жобаларға қаржы салып жатыр?

Бұл жобаларға қандай ірі инвестор тартылған?

Фото: "Керуен-Сарай". Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан үкіметі «Қазақста инвестициялық даму қоры» (KIDF) арқылы елдегі ең ірі және ауқымды туристік жобаларға қатысып, қаржы салып жатыр.

Тікелей инвестиция тартатын қордың қатысуымен Каспий  теңізі жағалауында Rixos Water World Aktau курорттық отелі, Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында Safari Hotel, ал Түркістанда «Керуен-Сарай» туристік кешені мен  Нұр-Сұлтанда туристік аудан салынбақ. 
Қазақстан  Даму Банкі (ҚДБ) солардың ішіндегі екі жобаға –  Rixos Water World Aktau мен «Керуен-Сарай»  құрылысына қарыз беріп қойған. Ал бұл банк те  мемлекетке тиесілі. Нұр-Сұлтандағы туристік аудан құрылысына қажет қаржы сұралған өтінішті ҚДБ- қарастырып жатыр.

Салмақты себеп 

«Қазақстан инвестициялық даму Қоры" (KIDF) тікелей инвестициялар қоры мен басқарушы компаниясы екі жыл бұрын, 2019 жылғы наурызда құрылған еді. 

Кезекті инвестициялық қордың құрылуы – негізінен Қазақстанның шикізат секторына құйылатын шетелдік инвестиция арнасын басқа салаларға бұру әрекеті. 

Ресми түрде Қор шетелдіктермен бірлесе отырып,  шикізаттық емес сектор: өңдеуші өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, инновациялық сектор мен инфрақұрылым (энергетика, көлік, логистика, туризм)  салаларындағы серпінді жобаларға ақша салады делінген еді.  Алайда қордың құрылтайшылық құжаттарында инвестиция салынатын салаларға қатысты ешқандай шектеу жоқ. Қызметтік мақсаты  Қазақстан экономикасын дамыту үшін инвестициялар тарту деп көрсетілген.

Шетелдік инвесторлар қаражатын қорықпастан ел экономикасына салуы үшін, қор «ауыр артиллерияға» жүгінеді. Қордың инвестициялық шешім қабылдайтын директорлар кеңесіне ел Премьерінен бастап, оның бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы кірген. Бұл қор АХҚО алаңында тіркелген, бұл жерде ағылшын құқығы қолданылатыны белгілі, өз биржасы мен дау-дамайды шешетін жүйесі бар. 

Алғашқы кезде қорға дәл осы АХҚО иелік еткен еді, кейін 2020 жылдың қазанында орталық KIDF-тің 100 пайыз акциясы мен басқарушы компаниясын мемлекет қарамағына берді. Қазір олар ҚР Қаржы министірлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің иелігінде. 

Жобаға қажетті бүкіл қаржыны инвестор салмауы тиіс. Қор жобаға  қос тарап бірлесе құрған және АХҚО-да тіркелетін ұйым арқылы бақылаушы тең инвестор ретінде қатысады. Қордың жобаға салатын қаржысы шетелдік инвестор инвестициясынан аспауы шарт. 

Бұның бәрін Ұлттық қорда бөлінетін қаржымен бекітіп те қойған: KIDF  қорына 370 млрд  теңге бөлу жоспарланған.  Мемлекеттік бюджеттен жыл сайын «Қазақстан инвестициялық даму Қоры» тікелей инвестициялар қорының жарғылық капиталын толықтыру үшін нысаналы трансферт қарастырылған. 2019 жылы бұл сома 90 млрд теңгені құраса, 2020 жылы – 116,9 млрд, ал  2021 жылы 11,8 млрд теңге бөлінбек. 

«Төртеу түгел болса...»

Бес жұлдызды Rixos Water World Aktau отелі  былтыр ашылды. Каспий жағалауындағы Rixos-қа салынған инвестиция 66,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ақпаратты ҚДБ сайтынан табуға болады. Алайда ол жерде жоба «Маңғыстау облысындағы Aktau Resort Hotel көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені I кезегінің құрылысы» деп аталады, бірақ Aktau Resort Hotel теңіз курортының сипаттамасы Rixos Water World Aktau сипаттамасымен бірдей.

Ал несиені ҚДБ-дан Aktau Tourism City Ltd алды. Бұл фирманы  түріктің  FTG компаниясы мен KIDF құрған.FTG компаниясының басында түрік кәсіпкері, Rixos қонақ үй желісінің иесі  – Феттах Таминдже тұр.

Феттах Таминже сонымен қатар Бурабай, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы Rixos қонақ үйлерін, Astana Expo қазақстандық павильонын, Назарбаев орталығын және халық арасында «Пирамида»  аталып кеткен Бейбітшілік және келісім сарайын салған  Sembol Construction компаниясының негізін қалаған. 

KIDF мен Теминженің FTG компаниясы бірлесе ашқан еншілес компаниясы арқылы Turkistan Silkway Harbor мекемесіне иелік етеді. Ал осы Turkistan Silkway Harbor  Түркістан қаласындағы «Керуен- Сарай» туристік кешенін салып жатыр. Тарихи қаланың қақ ортасында орналасатын қешенде қонақ үй, ресторан, фудкорт, кинотеатр, СОО, ұшатын театр мен базар болады.  

Кешен аумағынан су арнасы жүрігізіліп, онда қайықтар жүзетін болады.
Дәл осы тандем – FTG және KIDF-тің Бозжыра шатқалындағы қонақ үй құрылысы жобасына да қатысы бар. 

 Екі компания өздерінің еншілес компаниясы  – Tethys Aktau IV арқылы Бозжыраның "азу тістері" маңындағы жобаға тапсырыс беруші компанияға иелік етеді. 

 Бұл кешен құрылысына Қазақстанның экологиялық белсенділері қарсы. Президент Тоқаев та  іске араласып, «жобаны қайта қарау керек» дегені белгілі. Жоба расында «қайта қаралыпты»,нақтырақ айтсақ,  кешен құрылысы  Жабайұшқан қорығы аумағынан тыс, «азу тістерден» төрт шақырымдай арытаман салынатын болған.

Ресми басылымдар мен  құжаттарда бұл қонақ үйдің атауы шатқалмен байланыстырылмай, эвфемизмдерді қолдана отырып, айталық,  «Қарақия ауданындағы Safari Hotel қонақ үй кешені бар визит орталық» деп жазылады.

Бас жобалау компаниясының негізі иесі – Sembol Construction  ( кешенді «Sembol Safari Construction» ЖШС салады) өз сайтында Aktau Safari Hotel&Visitor Center қалай салынатыны көрсетілген иллюстрацияжариялапты. Осы иллюстрацияның сипаттамасы мен кескінінен дәл Бозжыра шатқалында салынатын  қонақ үй кешені екенін байқауға болады. Алайда жоба назар аудартпатын, елеусіз атпен жарияланған.

Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы  туристік аудан құрысылын Ellington Groupkaz компаниясы бастап кетті. Бұл компанияның құрылтайшысы – KIDF және Ellington City Tourism Ltd. Ал соңғысының құрылтайшысы – Ellington Overseas Development PTE  2019 жылдың 22 қарашасында Сингапурда тіркелген.

2019 жылдың 2 қазанда алғаш рет  тіркелген кезінде Ellington Groupkaz компанясының  жалғыз құрылтайшысы Ellington Properties Development LLC болған. Компания өз сайтында Дубайдағы ірі девелопердің бірі екенін жазады. Ал Ellington Properties Development   негізін қалаған –  канадалық Роберт Буз. Дәл осы кісімен аттас азамат қазір Ellington Groupkaz компаниясын басқарады. 

Ellington Groupkaz да Қазақстан даму банкінен несие алудан үмітті. Кредитке өтініш беріп те қойған, әзірге берілуі мүмкін қарыз сомасы ашық  көрсетілмеген. 

2-полоса.jpg


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер