Сақтандыру не үшін керек

Жарияланды
Сақтандыру компаниясын таңдаған кезде неге назар аудару қажет?

Өмірімізде болатын кездейсоқ жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған. Сақтандыру – ең алдымен, сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сіздің қаржылық мүддеңізді қорғау. Сақтандыруды дұрыс таңдау сізді және сіздің жақындарыңызды кездейсоқ жағдайлардан қорғай алады. Бұл туралы Fingramota.kz сайты хабарлады.

 Сақтандырудың қандай түрлері болады 

Сақтандырудың екі нысаны бар: міндетті және ерікті.

Бірінші жағдайда сақтандыруды ҚР заңнамасына сәйкес алуға болады. Оған мыналар жатады:

*көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (КҚИ АҚЖ)
*тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ
*қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің АҚЖ
*экологиялық сақтандыру
*жекелеген мамандықтардың (аудиторлардың, жеке нотариустардың) АҚЖ
*қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардың сақтандыру
туристі сақтандыру.

Екінші жағдайда – бұл ерікті сақтандыру, онда сақтандыру ерікті негізде сатып алынады.

Мысалы: мүлікті сақтандыру – бұл ерікті түрде көрсетілетін қызмет. Мүлікті сақтандыру сіздің меншігіңізді: пәтеріңізді/үйіңізді төтенше жағдайлардан қорғауға көмектеседі. Ерікті сақтандырудың барлық сыныптары «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңында көрсетілген.

Сақтандыру компаниясын таңдаған кезде неге назар аудару қажет? 

 Лицензияның болуы. Сақтандыру компаниясы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде ғана жұмыс істеуге құқылы. Компанияда лицензияның бар-жоғын gov.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінен біле аласыздар.

 Компанияның тарифтері. Компанияның тарифтеріне көңіл аударыңыздар. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Ерікті сақтандыру түрлері бойынша тарифтер сақтандыру шартында белгіленеді. Бұл ретте полистің шамамен алғандағы құнын сақтандыру компаниясының сайтынан есептей аласыздар.

Сақтандыру шарты. Сақтандыру шартында мынадай ақпарат қамтылады: сақтанушының аты-жөні, сақтандырушының аты-жөні, байланыс деректері, БСН/ЖСН және басқа мәліметтер. Сақтандыру шартының қандай талаптарына ерекше назар аудару керек? Бұл:

– Сақтандыру жағдайларының, яғни сақтандыру төлемі төленетін жағдайлардың тізімі. Сақтандырушы шартта/полисте көрсетілген жағдайларда ғана туындаған тәуекелдер мен сақтандыру жағдайларының орнын толтырады.

– Сақтандыру жағдайларынан алып тасталатын жағдайлардың тізімі. Сақтандыру жағдайларынан алып тасталатын жағдайларға олар басталған кезде сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеуге құқылы болатын оқиғалар жатады.

– Франшизаның болуы және оның мөлшері, яғни белгілі бір жағдайларда өтелмеген зиян мөлшері. Франшиза сақтандыру сомасынан пайызбен немесе абсолютті мөлшерде белгіленеді.

– Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының іс-қимыл тәртібі. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаудың уақыты мен тәртібі ерекше маңызды. Егер хабарлама мерзімі немесе тәртібі бұзылған болса, онда бұл дәлелді және объективті себептермен хабарламау жағдайларын қоспағанда, сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тартуға негіз бола алады. 

– Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мәселесін қарау үшін қажетті құжаттар тізімі. Әдетте, бұл сақтандыру жағдайы басталған кезде болған жағдайлар мен себептерді растайтын құжаттар. 

– Сақтандыру агентінің (делдалдың) болуы және оның қызметтері үшін сыйақы мөлшері. 
 

Сондай-ақ оқыңыз