Қазақстанда киім қымбаттады

Жарияланды
Бәрінен бұрын балалар киімінің бағасы біраз өскен

2019 жылдың 12 айында Қазақастанда киім-кешек бағасы 7,1 пайызға қымбаттады. Соның ішінде, ерлер киімі – 7,3%, әйелдердікі – 6,7%, ал балалар киімі 7,6 пайызға өсті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Теріден тігілген бас киім 6 пайызға қымбаттаса, галантерея тауарларының бағасы 7 пайызға артқан.

Цена на оденжду.png 
11 ай ішінде Қазақстанға 576 млн доллардың киімі импортталған. Ал елімізде  42,34 млрд теңгенің киім-кешегі шығарылған,  бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 19,8%-ға артық. Инфляцияны есепке алғанда, өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі 8,2% құрады.

Барлық өндірістің жартысына жуығы оңтүстік өңірлерде шоғырланған: Алматы облысында (9,51 млрд теңге), Алматы облысында (6,08 млрд теңге) және Шымкентте (4,76 млрд теңге) орналасқан.

цена на одежду-2.png

Сырт киім, шұлық-нәски, бас киім, теріден жасалған өнім, кеудеше-жемпір сынды киім-кешектің өндірісі артқан. Десе де, ішкі сұраныста отандық өндірістің үлесі өте аз. Мәселен, 11 айдың қорытындысы бойынша, отандық нарықта сырт киімге деген сұрыныстың тек 1,9 пайызын қазақстандық өндірушілер жақан. Ал нәресте киімінің тек 0,4 пайызын, свитер мен жемпірдің 21.2 пайызын қамтамасыз етеді. Тек шұлық-нәски сегментіндегі көрсеткіш 9 пайызға жетеді. 

цена на одежду-3.png

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға 576,1 млн доллардың мақта-мата, тоқыма бұйымдары импортталған. Қазақстанға киім ТМД елдерінің арасында Ресей мен Өзбекстаннан, сондай-ақ, Қытай, Түркия және Бангладештен жеткізіледі. 

цена на одежду-4.png

Сондай-ақ оқыңыз