Қазақстанның 300-ден аса азаматы Қытайда қалуға ниет білдірген

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Эвакуациялау жұмысы жалғасып жатыр

Қытайда жүрген отандастарды елге әкеліп жатқанына қарамастан, Қазақстанның 343 азаматы ҚХР-да қалуға ниет білдірген. Бұл туралы 11 ақпан күні үкімет отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. 

«11 ақпан күні Қазақстанның 217 азаматы «Эйр Астана» ұшығымен Қытайдың Бейжің қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, ал 155 кісі 12 ақпанда осындай рейспен елге әкелінеді», – деді ол.

10 ақпан күні осы борт Қазастанда жүрген 43 қытай азаматы мен Алматыдағы ҚХР консулдығының коммерциялық емес жүгін көрші елге жеткізген еді.

 «Азаматтарды елге эвакуациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін ҚХР аумағында Қытайда қалуға ниет білдірген Қазақстанның 343 азаматы қалады», –деді Тілеуберді.  Қытайда қалатындардың ішінде сырқы саясат миссия қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері бар.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз кезегінде үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен, 1 ақпан күні Ухань қаласынан санавияция ұшағымен 83  Қазастан азаматы, 18 қырғыз, бес белорусь және бір армян эвакуацияланғанын салды. 

«11 ақпанда 217 қазақстандық ұшақпен Бейжіңнен эвакуацияланды. Олардың барлығы уақытша медициналық мекемелерге орналастырылды. Коронавирус ауруы тіркелген жоқ»,– деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген: ЖРВИ симптомдары мен жоғары температурасы бар 134 адам ауруханаға жатқызылып, олардың 106-ы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарларда емделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын мониторингілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, 24 167 адам қамтылған, оның ішінде шетел азаматтары–1298. Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан келген 8 851 адам медициналық бақылауға алынған, қалған 15 316-сы инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен шығарылды.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында коронавируспен ауыратындар тіркелмеген. Жағдай тұрақты және Үкіметтің тұрақты бақылауында», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстарын жалғастыруды, Сыртқы істер министрлігіне ҚХР-дағы қазақстандықтармен тығыз байланыс орнатып, оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз