Қазақстан Қытаймен почта байланысын уақытша тоқтатты

Сонымен қатар, бір қатар елдерден сәлемдемелер қабылдау да қысқартылды

Фото: Shutterstock

«Қазпочта» Қытаймен почта алмасуды уақытша тоқтатты, деп хабарлады ұйымның жарнама және PR директоры Дилара Зарлықова.

«Почталық алмасуды тоқтату салдарынан, Қазпочта Қытайға,сондай-ақ Қытай арқылы транзитпен  жіберілетін жеткізілетін елдерге (Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Монголия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Тайланд, Шри-Ланка, Филиппиндер, Тайвань) почталық жөнелтілімдердің барлық түрлерін қабылдауды уақытша тоқтатты», - деп жазды Зарлықова Facebook-те.

Естеріңізге салсақ, Қытайда етек жайған коронавирус эдиемиясы өршіп тұр, қазіргі таңда дерт салдарынан 563 адам қаза болды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg