Мәжіліс депутатын Алматының орталығында тонап кетті

Полиция бір ай бойы қылмыскерлерді іздестіруде

ото: Shutterstock

Қаңтардың басында Алматының дәл ортасында Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованы тонап кетті, полиция қызметкерлері әлі күнге дейін қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

«Полицейлер өте жылдам келді. Полицейдің ауызынан алғашқы сөздер мені естен тандырғандай болды: «Несіне уайымдайсыз? Мұндай іс блған, болып жатыр және бола береді.Ұрылар әрұшана болған. Сонда сізге не керек?» Мен қылмыскерлерге шамамыз келмейді деген мұндай сенімділіктен абдырап қалдым. Мен тура сол жерде ол адамға «онда пагоныңде шеш», дедім. Өйткені ол оған керек емес. Ал бізге, қарапайысм адамдарға мұндай қызметкерлер керек емес. Мен оны полицей, не аға лейтенант дей алмаймын. Ол полицияда жылы орын тапқан адам. Мен арыз жазғаныммен, оқиғадан кейін үш аптаға жуық уақыт өткенімен, маған ешкім телефон шалып, қылмыскерлердің қалай іздестіріліп жатқаны туралы ешкім айтқан жоқ», – деп жазды депутат Facebook-тағы өзінің парақшасында.

Алматы полициясының баспасөз қызметіндегілер ұрлық бойынша арыздың 5-қаңтарда тіркелгенін айтты. 

«Арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында (ұрлық) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Аталмыш факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, оның құрамына аудандық деңгейдегі жедел өкілдермен қатар, қала полициясы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері кірген болатын. Атқарылып жатқан жедел-іздестіру шаралар кешені аталмыш қылмысты ашуға бағытталған», – делінген хабарламада.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg