Ұшақ апаты: Bek Air компаниясы өз нұсқасын айтты

Ерік Сапаровтың пікірінше, ұшақтың құлауына өзге әуе кемесі қалдырған із себеп болуы мүмкін

Фото из открытых источников

Fokker-100  ұшағының құлауына өзге әуе кемесінің бұл ұшардан бір минут бұрын қалдырып кеткен ілеспе ізі себеп болуы мүмкін деп санайды Bek Air компаниясы ұшу қызметінің директоры Ерік Сапаров.

Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады.

«Ұшақтың артында әрқашан ілеспе із қалады. (…) Fokker-100  бен алдыңғы ұшақтың арасы 1 минут болды. Airbas  ұшағы  07:19-да ұшса, біздікі 07:20-да ұшты», – деген Сапаров дәл осы ізге түсуі Fokker-100-дің апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін деп нақтылап өтті. 

Айта кетейік, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңында апатқа ұшыраған еді. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg