«ҮМЗ» АҚ нысанынан ауруханаға жеткізілген жұмысшылар дімкәстігінің себебі анықталды

Кәсіпорын 12 адамның улануы кәсіпорнынның қызметімен байланысты емес деп сендіруде

Фото: Shutterstock

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, 12 адамның дімкәстігіне көміртегі тотығының орташа дәрежедегі уыттық әсері (иіс газбен улану) себеп болыпты. «ҮМЗ» АҚ 12 жұмыскердің өзін-өзі нашар сезінуі кәсіпорынның қызметімен байланысты емес дегенді алға тартып отыр, деп хабарлайды Kursiv.kz. тілшісі.


«Ағзаға бұлай әсер ету «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының қызметіне байланысты емес. Иіс газы зауыт өндірісінің жанама өнімі болып табылмайды. Оның үстіне, бұл жұмысшылар жұмыс істеген қалдық шаруашылығының учаскесі «ҮМЗ» АҚ аумағынан тыс жерде орналасқан, ал ол жерде өндіріс жоқ», - деп хабарлады «ҮМЗ» баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын, Kursiv.kz 2-қарашада «Өскемен шаруашылық басқармасы" ЖШС қосалқы мердігер ұйымының қызметкерлері ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған болатын. 11 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында болса, біреуі ауруханаға жатудан бас тартқан еді. 

Қазіргі кезде барлық жұмысшылар денсаулығының ахуалы қанағаттанарлық жағдайда.

Белгілі болғандай, «Өскемен шаруашылық басқармасы" ЖШС қызметкерлері «Казинвестқұрылыс» ЖШС-нің қосалқы мердігері болып табылады, ал серіктестік, өз кезегінде, «ҮМЗ» қалдық шаруашылығының аумағында жер жұмыстарын жүргізумен айналысады. 

 «Орын алған жағдаяттың себебтерін осы оқыс оқиғаны тексеріп жатқан комиссия анықтайды. Атап айтсақ, «ҮМЗ» қалдық шаруашылығы жұмыс істеп келе жатқаннан бері зауыт жұмысшылары, мердігер ұйымдардың қызметкерлері және тұрғындар арасында зиянды заттармен улануға байланысты бірде бір оқыс оқиға тіркелген емес», - деп хабарлады «ҮМЗ» баспасөз қызметі.

«Үлбі металлургия зауыты» – атом энергетикасы, электрондық, металлургиялық өнеркәсіп және басқа қызмет салалары үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бірі. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif