Қызылорда облысында автобус аударылды

Көктайғақ салдарынан жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған

Қызылорда-Құмкөл трассасында таңғы 05:25 шамасында жолаушылар автобусы көктайғақ салдарынан аударылып кеткен. Бұл туралы ІшкіІсМиннің Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды

Көлік апатынан 6 кісі қаза тауып, 22 адам зардап шеккен. 15 адам автобустан шығарып алынды. Мамандар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

«Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болды. Қызылорда облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылды. Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 13 адам мен төрт техника, полиция бөлімінен алты қызметкер мен екі техника, жедел медициналық жәрдемнің 12 қызметкері мен төрт техникасы жұмыс істеп жатыр»,– делінген баспасөз-хабарламасында.  

(7242) 24-41-61, 70-03-28 сенім телефондары жұмыс істеп тұр.
 
Айта кетейік, 2-желтоқсан күні Қызылорда облысында, Самара-Шымкент трассасында жол-көлік оқиғасы орын алып, 75 адам зардап шеккен еді. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif