Қазақстанда Fokker 100 ұшақтарының ұшуына уақытша тыйым салынады
Алматы түбінде дәл осы ұшақ апатқа ұшыраған
Қазақстанда Fokker 100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз-қызметі.
Алматы маңында дәл осы ұшақтың біреуі апатқа ұшырағаннан кейін тыйым салынып отыр.
«Мән-жәй егжей-тегжей анықталғанға дейін бұл ұшақтардың ұшуы тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. 9 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.
Материалы по теме
Читайте в этой рубрике