Қазақстанда Bek Air ұшағы апатқа ұшырады

Қаза болғандардың саны жеті адам

Фото: facebook.com/slavaa.emirates

Bek Air авиакомпаниясының ұшағы Алматы аэродромынан тыс жерде апатқа ұшырады. Бұл турасында Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

«Аман қалғандар бар, оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазіргі таңда қаза болғандардың саны 7 адам екенін жеткізді.

«Ұшу кезінде ұшақ биіктікке көтеріле алмай, бетон қоршауды бұзды, сөйтіп, екіқабатты құрылысқа соқтығысқан. 
Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Әуе кемесінің экипажы мен жолаушыларды көшіру жүріп жатыр», - делінген хабарламада. 

ҚР премьер-министрінің тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылып, ол оқиға орнына ұшып шықты.  

«Оқиғаның себептері мен жағдаяттары толық анықталатын болады. Апаттың барлық себеп-салдарлары анықталғанша, осы тұрпаттағы ұшақтардың ұшулары уақытша тоқтатылды», - елінген хабарламада. 

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын, Bek Air ұшағының радардан жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Ол Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған еді.

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg