1 view

«Казаэронавигация» Bek Air ұшағы апаты нұсқаларының бірін жоққа шығарды

Бұдан бұрын, авиакомпаниядағылар ұшақтың құлауына желді із себеп болуы мүмкін, деп мәлімдеген болатын

Фото из открытых источников

 РМК «Казаэронавигация» компаниясы Bek Air авиакомпаниясының Fokker 100 лайнерінің апатына басқа әуе кемесінің желді ізі себеп болу мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығарды. 

«Біз асығыс мәлімдеме жасағымыз келмеді, комиссияның тергеу нәтижесін күткен едік. Бірақ Bek Air компаниясының мәлімдемесі бізді үнсіз қалмауға мәжбүр етті. Фоккер-100 әуе кемесімен оның алдында ұшқан Аэробус А-321 әуе лайнері  136 тонна мөлшеріндегі бірдей ең жоғарғы ұшу массасы ие, ендеше, олар тиісінше, орта өлшемдегі әуе кемелері санатына жатады» , - делінген компанияның хабарламасында.

"Қазаэронавигация" өкілі түсіндіргендей, халықаралық стандарттар 1 минутқа дейінгі аралыққа рұқсат береді, ал жазбаларға сәйкес, Air Astana-ның Airbus 321 Neo ұшағы мен Bek Air-дің Fokker 100 әуе кемесінің ұшуы арасындағы уақыт 1 минут 52 секундты құрайды.

Ендеше, бұл ұшақтардың әуеге көтерілуі кезінде уақыт интервалын бұзу болмаған.

Бұдан бұрын, Bek Air авиакомпаниясыныңдиректоры Fokker-100 әу лайнерінің құлауына одан бір минут бұрын аспанға көтерілген басқа әуе кемесі қалдырған желді із себеп болуы мүмкін, деп мәлімдеген болатын.
.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер