Bek Air өкілі: «Кедергі болмағанда, бәлкім, адам шығыны болмас еді»

Ол әуежай маңындағы нысандар заңсыз салынған деп есептейді

ото из открытых источников

Bek Air  компаниясы ұшу қызметінің директоры Ерік Сапаров: «Егер әуежай маңында құрылыс нысандары болмағанда, Fokker-100 ұшағы құлаған кезде, адам шығыны болмас еді», деп мәлімдеді. Бұл туралы   Интерфакс-Қазақстан  агенттігі хабарлайды.

«Бұл жерде әуежайдың тура қасына құрылысы нысандары қалай салынған деген сұрақ туындайды?! (...). Бұл заңға қайшы. Егер мұндай кедергі болмағанда, бәлкім, адам шығыны болмас еді»,– деді Сапаров баспасөз-мәслихатында.  

27-желтоқсан күні таңертең  Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады.  Таңғы 07:22 кезінде № Z2100 рейсін орындаған ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан болатын-ды.

Соңғы деректер бойынша, әуе апаты салдарынан 12 адам қаза тауып, 67 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg