Тәжік-өзбек шекарасында 15 содырдың көзі жойылды

Жарияланды
Белгісіздер сәрсенбіге қараған түні шекара заставасын шабуылдаған

Сәрсенбіге қараған түні тәжік-өзбек шекарасындағы заставаға бетперде таққан 20 шақты қарулы адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекеттік  комитетінің (ҰҚМК) баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости.

Содырлар Душанбенің батысындағы 60 километр жерде орналасқан «Сұлтанабад» отрядының №4 «Ишкобод» заставасын шабуылдаған. Шабуыл барысында олар бес автоматты қолға түсірді.

«Күш құрылымдары операциясының барысында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылып, тағы бес содыр тұтқынға алынды», – деді ҰҚМК-нің баспасөз қызметіндегілер.

Атыс барысында шекара әскерлерінің сарбаздары мен бір милиционер қазаға ұшырады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары атқарылып жатыр.

Өзбекстанның шекара ведомствосы өзінің орын алған оқыс оқиғадан бейхабар екендігін мәлімдеп, қазір жағдайдың зерделеніп жатқанын алға тартты. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі өзбек тарабы тәжік әріптестерімен байланыста екенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз