Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына кірмейді

Жарияланды
Тоқаев интеграцияны дамыту жолдары туралы айтып өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресей және Беларусьпен бірге одақтас мемлекетке кіру жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Бұл жайында мемлекет басшысының «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында айтылған. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты форматта да, бірлескен құрылымдар (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД)  аясында да белсенді  ықтымақтастық орнатқан.

«Ресей мен Беларусь одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ. Жоғарыда айтылған ұйымдар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға басымдық беріледі», – деді ол. 

Президент Қазақстан үшін ЕАЭО-ның экономикалық одақ ретіндегі әлеуетінің артуы әлдеқайда маңызды деп атап өтті. 

«Ынтымақтастық байланыстарын дамыта отырып, тауар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құру, одаққа мүше мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы біз ЕАЭО-ны тиімді әлемдік құрылымға айналдыра алар едік. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржы нарығы қалыптасады. Бұл ретте цифрлық байланысты дамуты басым бағыт болып қала береді» , –деді Президент.
 

Сондай-ақ оқыңыз