Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай мерзімін тағы да ұзартты

Жарияланды
Карантин шаралары 11 мамырға дейін сақталады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай мерзімін соңғы айда екінші рет ұзартты. Ол  11 мамырға дейін жалғасады. 

«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы.Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады», – деліген 27 сәуірде жарияланған мәлімдемеде. 

Қазақстанда төтенше жағдай коронавирустың таралуының алдын алу үшін 16 наурыздан енгізілген еді. Алғашында төтенше жағдай бір айға, яғни сәуірдің 15-не дейін жарияланған болатын. Алайда COVID-19 жұқтырғандардың саны осы аралықтар артып бара жатқан соң, ел билігі төтенше жағдайды сәуір айының аяғына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 

Сәуірдің ортасында мемлекет басшысы ауру шарықтау шегіне жеткен жоқ деп мәлімеді.

«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ. Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет» ,– деген еді президент Twitter-де

Перезиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сәуірдің 21-де Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жуырда түскен ақпараттар негізінде Төтенше жағдай режимінің және карантин шараларының ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылданатын болады деп жазған еді.

Одан бөлек, Берік Уәли мырза президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 27 сәуір күні коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеу жариялайтынын хабарлаған болатын. 

«Осы ретте Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы менеджменттен бөлек, стратегиялық жоспарлауға да мән беріп отырғанын есте ұстауымыз керек. Ерте ме, кеш пе, Төтенше жағдай бітеді. Содан кейін алдымыздан экономиканың құрылымын қайта қарау міндеті шығады. Сондықтан алдымызға орта және ұзақ мерзімге арналған жаңа мақсаттар қою керек. Президент көптеген бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жаңарту қажеттігін айтты. Мұнай бағасының бірден құлдырауы экономика мен қаржы секторына реформа жүргізіп, индустрияландыру мен цифрландыруды нақты жүзеге асыру керек екенін көрсетіп отыр. Денсаулық сақтау және білім салаларын да үлкен өзгеріс күтіп тұр. Мемлекет басшысы жаңа талаптарға жауап беретін стратегиялық шешімдер әзірлеуді тапсырды», – деп жазды Берік Уәли.

Бұл үндеудің тақырыбы карантинге ең алдымен жабылған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы бинес пен өзенкәсіп орындарының жұмысын қалпына келтіруге арналды. Аталған қалаларда 20 сәуірден бері бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындар, құрылыс, банк бөлімшелері мен қызмет көрсету саласындағы мекемелердің жұмысы басталғаны бегілі. 

Ал 21 сәуір күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус пандемиясы салдарына жарияланған карантин мамырдың ортасы, тіпті соңына дейін жалғасуы мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені алдағы айда вирус таралу қаупі сейілмеуі мүмкін. Сондықтан Бас дәрігер КВИ таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – үйде отыру екенін айтып өтті. 

«Адамдар қауіпсіз қарым-қатынас жасауды үйренбейінше, үкімет қатаң шара қолдануды жалғастыра береді. Осы қауіптен толық құтылмайынша, шектеу шаралары сақталады», – деді Біртанов.

Бұған дейін елде 3,5 мыңнан аса инфекция  жұқтырғандар анықталса, ауру шарықтау шегіне жетеді деп болжам жасаған еді. Қазіргі кезде коронавируспен 2717 адам ауырып, 682 адам жызылып шықса, 25 кісі көз жұмды. 

Елізіме коронавирус жұқтырған пациент 2020 жылдың 13 наурыз күні анықталған еді. 

Қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша карантинге  байланысты табысынан айырылғандар берілетін 42,500 теңге  төлемге ел бойынша 8 млн тұрғын өтініш беріп,  ол 4 миллионнан аса  адамға төлеген.
 

Сондай-ақ оқыңыз