Skip to main content

Үкімет дағдарысқа қарсы қандай шараларды қолға алды?

Төтенше жағдай кезінде бизнеске бірқатар жеңілдіктер жасалады

Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары қаралды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар топтамасы:
 -қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруды,
 -кепілдіктер беруді,
 -салықтық ынталандыруды, 
-бизнесті тексеруді азайтуды және жұмыспен қамтамасыз етуді қамтиды.

 

  1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бизнесті несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін көбейтіліп, басым тауарлар тізімі кеңейтіледі, «БЖК –  2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиенің жоғарғы шегі ұлғайтылады және салалық шектеулер алынып тасталады, бизнесті несиелендіру кезінде кепілдік беру тетігі жеңілдетіледі.
  2. Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт объектілері заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығынан бір жыл мерзімге босатылатын болады, бір тоқсанға өсімақы есептеу тоқтатылады, 3 тоқсан үшін салық есептілігінің мерзімі кейінге ауыстырылатын болады. 
  3. Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер салықтардан босатылады.
  4. Отандық бизнес қосымша қаржылық жүктемесіз бірегейлендірілген шарттарда (6%) қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың (Бизнестің жол картасы – 2025, «Еңбек», ИИДМБ-2025, «Қарапайым заттар экономикасы» және т. б.) қолдаудың жеңілдікті шараларын пайдаланатын болады. 
  5. Агроөнеркәсіптік кешен саласында несиелендірудің жаңа тетігі, сондай-ақ ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС-дан босату, сонымен қатар 7 мыңға жуық шаруаны ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босату түрінде қосымша салықтық ынталандырулар енгізіледі.
  6. Төтенше жағдай кезінде жеке және заңды тұлғалардың займдары мен шағын несиелері бойынша төлемдердің мерзімі кешіккен жағдайда, банктер айыппұл мен өсімпұл есептемейтін болады.
  7. Банктер мен шағын қаржы ұйымдары ТЖ енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлердің төлемдерді (негізгі қарызы мен сыйақыларын) төлеуді кейінге қалдыруды ұсынады. 

«Барлық банктер қаржылық жағдайы нашарлаған бизнес өкілдеріне төлем  мерзімін ұзарту мүмкіндігін беруі керек», — деді А. Мамин.

banner_wsj.gif

"Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ"- Е.Тоғжанов

Қазір ел бойынша осы вирусты жұқтырған 49 науқас тіркелген

Фото:primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19-дың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг барысында елімізде бұл індеттен көз жұмғандар жоқ деп мәлімдеп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

"Қазір ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы түрлі жалған ақпарат таралып жатыр. Республика бойынша одан көз жұмғандар жоқ",- деді ол. 

Осы ретте  жалпы 49 науқас тіркелгенін, оның ішінде  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам  анықталғанын айтып өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде  корнавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпаратты жоққа шығарды.Бұған дейін бірқатар халықаралық ресурстарда елімізде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады.

Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif