Skip to main content

Дариға Назарбаева бір күндік жалақысын коронавируспен күреске аудармақ

Ұсынысты өзге Сенаторлар қолдады

Фото: Аскар Ахметуллин

Парламент Сенатының депутаттары бір күндік жалақысын коронавируспен күрес жөніндегі қорға аударады. Бұл ұсынысты Сенат төрағасы Дариға Назарбаева палатаның жалпы отырысында жасады.  

«Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің бір күндік жалақысын вируспен күрес жөніндегі қорға аудару туралы ұсыныс жасалды. Қарсылық жоқ па? Егер де көбірек соманы аударуға ниет білдіргендер болса, бұл қадам құптарлық жағдай. Қолдайсыздар ма?»,- деді Дариға Назарбаева.

Барлық сенаторлар аталған ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірді.

«Төтенше жағдай кезеңінде барлық іссапарлар мен жоспарлы бұқаралық шараларға тыйым салынады. Ал заң шығарушылық жұмыс жалғасады. Біз мүмкіндігінше жалпы отырыс пен комитет отырыстарына шақыртылатын адамдардың санын шектеуміз керек. Осы орайда құжаттарға қатысты жұмыстардың көбісін қашықтан жүргізуге болады. Ол үшін техникалық мүмкіндік бар», - деді Назарбаева.

Қазіргі уақытта аппарат қызметкерлерінің 70 пайыздан астамы үйден жұмыс істеу режіміне ауысты, ал қалғандарына қысқартылған жұмыс күні белгіленген.

 

Сенат ғимаратында күніне бірнеше рет қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

 

 

banner_wsj.gif

"Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ"- Е.Тоғжанов

Қазір ел бойынша осы вирусты жұқтырған 49 науқас тіркелген

Фото:primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19-дың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг барысында елімізде бұл індеттен көз жұмғандар жоқ деп мәлімдеп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

"Қазір ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы түрлі жалған ақпарат таралып жатыр. Республика бойынша одан көз жұмғандар жоқ",- деді ол. 

Осы ретте  жалпы 49 науқас тіркелгенін, оның ішінде  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам  анықталғанын айтып өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде  корнавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпаратты жоққа шығарды.Бұған дейін бірқатар халықаралық ресурстарда елімізде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады.

Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif