Skip to main content

Мемлекет басшысы Германияға жұмыс сапарымен барды

Ол Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясына қатысады

Фото:kursiv.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) 2 күндік жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Қазақстан Президенті Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында өтетін панельдік пікірталасқа қатысады және әлемдік көшбасшылармен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда", -делінген хабарламада. 

Конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірталасқа қатысып, «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді.

Мюнхенде өтетін іс-шараға қатысу үшін 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының жетекшілері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар барады.

Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының күн тәртібінде әлемдік дамудың және жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады. Конференцияға қатысушылар сауда соғыстары мен санкциялар проблемаларын, Таяу Шығыстағы ахуалды, Еуропалық одақпен, АҚШ-пен, Ресеймен, Қытаймен және басқа да елдермен арадағы өзара қатынастарды, Еуропадағы қауіпсіздіктің сын-қатерлерін, Еуропалық одақ пен НАТО-ның келешегін, сондай-ақ, киберқауіпсіздік пен денсаулық сақтау салаларындағы қазіргі заманның қауіп-қатерлерін, жалған ақпаратпен күрес және басқа да мәселелерді талқылайды.

banner_wsj.gif

"Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ"- Е.Тоғжанов

Қазір ел бойынша осы вирусты жұқтырған 49 науқас тіркелген

Фото:primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19-дың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг барысында елімізде бұл індеттен көз жұмғандар жоқ деп мәлімдеп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

"Қазір ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы түрлі жалған ақпарат таралып жатыр. Республика бойынша одан көз жұмғандар жоқ",- деді ол. 

Осы ретте  жалпы 49 науқас тіркелгенін, оның ішінде  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам  анықталғанын айтып өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде  корнавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпаратты жоққа шығарды.Бұған дейін бірқатар халықаралық ресурстарда елімізде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады.

Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif