Skip to main content

Қазақстан ядролық қаруға қажетті материал өндірісін тоқтатуға шақырды

СІМ министрі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің отырысына қатысты

Фото:СІМ баспасөз қызметі

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің отырыстарына және Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысқан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қарусыздану саласындағы дағдарысты жағдайды айта келіп, осы бағытта жаңа келімсімдерге қол жеткізуге шақырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сонымен қатар Тілеуберді мырза делегацияларды ядролық қарусыздану, ядролық қару үшін ыдырайтын материал өндірісін тоқтату, ғарышта жаппай қару шығаруды болдырмау және ядролық емес мемлекеттерге қауіпсіздікке кепілдік беру саласында жаңа уағдаластықтарды әзірлеу бойынша нақты жұмысты бастауға шақырды. 

Биыл сәуір-мамыр айларында Нью-Йоркте өтетін ядролық қаруды таратпау туралы шарттың 50 жыл бұрын күшіне енген шолу конференциясының маңыздылығын атап өткен ҚР СІМ басшысы осы Шарттың халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық рөлінде еске салды.  

Алдағы бес жылға арналған басым міндеттер ретінде министр Орталық Азия аймағын қоса алғанда, ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар, Министр қатысушыларға өткен жылдың 29 тамызында БҰҰ-ның «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнді» жариялаған күні Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялағаны туралы хабарлады. 

БҰҰ ұсынымдарын орындау бойынша практикалық қадам ретінде Қазақстанның өлім жазасын жоюға, митингілер туралы заңнаманы жетілдіруге және әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған Екінші Факультативтік хаттамаға қосылуы туралы шешімдер қабылданған. 

БҰҰ-ның 75 жылдығы кезеңінде өтіп жатқан адам құқықтары жөніндегі сегментке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Тиджани Мухаммад-Банде, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет, 55-тен астам елдің мемлекет басшылары мен министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысқан. 


 

banner_wsj.gif

"Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ"- Е.Тоғжанов

Қазір ел бойынша осы вирусты жұқтырған 49 науқас тіркелген

Фото:primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19-дың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг барысында елімізде бұл індеттен көз жұмғандар жоқ деп мәлімдеп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

"Қазір ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы түрлі жалған ақпарат таралып жатыр. Республика бойынша одан көз жұмғандар жоқ",- деді ол. 

Осы ретте  жалпы 49 науқас тіркелгенін, оның ішінде  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам  анықталғанын айтып өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде  корнавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпаратты жоққа шығарды.Бұған дейін бірқатар халықаралық ресурстарда елімізде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады.

Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif