Skip to main content

Тегеран АҚШ-тың сес көрсетуіне жауап берді

Иран 52 нысанға соққы беруге Американың батылы жетпейді деп есептейді

Фото: Shutterstock

Америка президенті Дональд Трамп айтқан Ирандағы 52 нысанға соққы беруге АҚШ-тың батылы жетпейді, деп мәлімдеді Иран қарулы күштерінің қолбасшысы Абдулрахим Мусави, деп жазады РИА Новости.

"Болашақта болуы мүмкін қақтығыс барысында олардың 52 нысанға соққы беруге батылы жететініне күмәнім бар", - деп жазады оның сөзін келтірген IRIB телерадиокорпорациясы.

Бұдан бұрын Трамп, американдықтарға шабуыл жасалған жағдайда, Ирандағы 52 нысанға «тез әрі күшті» соққы беруді уәде еткен-ді. 

3-қаңтарға қараған түні АҚШ Бағдад халықаралық әуежай аймағында Иран армиясының  элиталық бөлімшесі – «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандисаға қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. Вашингтон 2019 жылғы 31-желтоқсанда Бағдадтағы американдық елшілікке жасалған шабуылды ұйымдастыруға олардың қатысы бар деп санайды. Шабуыл барысында Сүлеймани және тағы 9 адам оққа ұшқан болатын. 

banner_wsj.gif

"Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ"- Е.Тоғжанов

Қазір ел бойынша осы вирусты жұқтырған 49 науқас тіркелген

Фото:primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19-дың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг барысында елімізде бұл індеттен көз жұмғандар жоқ деп мәлімдеп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

"Қазір ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы түрлі жалған ақпарат таралып жатыр. Республика бойынша одан көз жұмғандар жоқ",- деді ол. 

Осы ретте  жалпы 49 науқас тіркелгенін, оның ішінде  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам  анықталғанын айтып өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде  корнавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпаратты жоққа шығарды.Бұған дейін бірқатар халықаралық ресурстарда елімізде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады.

Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif