Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге үмітті

Жарияланды (жаңартылды )
Ол солтүстік корей ядролық мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада КХДР-дің көшбасшысы Ким Чен Ынмен кезекті рет кездесу өткізуге ниетті екенін білдірді. Бұл турасында Интерфакс хабарлады.

«Сіздерге ширақ қимылдап, тезірек мәмілеге келу қажет (солтүстік корей ядролық мәселесі бойынша). Жақында көрісеміз!», – деп жазды ол жексенбіде твиттерде.

Бұдан бұрын, Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын тамыз айында өзінің АҚШ президентіне жолдаған хатында Дональд Трампты сапармен Пхеньянға келуге шақырғаны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз