Токаев Швейцария президентімен кездеседі

Ули Маурер Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отыр

Фото: REUTERS/Carlo Allegri

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Швейцария президенті Ули Маурер 21-22-қараша аралығында Қазақстанға ресми сапармен келмек. 

Президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы хабарлағандай, швейцариялық делегацияның құрамына бизнес өкілдері кіреді.

«22-қарашада «Ақорда» резиденциясында мелекет басшыларының екеуара және кеңейтілген форматтағы келіссөздер жүргізуі жоспарланған, олардың барысында екі тараптың саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланбақ», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ули Маурер Қазақстан үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік ортасы қатысатын «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді, деп күтілуде.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif