Тоқаев Омбыда Путинмен кездесті

Жарияланды
Мемлекет басшылары екеуара кездесу өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өңіраралық әріптестік форумының пленарлық мәжілісі басталардан бұрын Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті.

Оmskinform.ru хабарлағандай, Путин өзінің алғысөзінде мәжәжіліс басталмастан бұрын Қазақстан президентімен кездескені туралы айтып берді. Екеуара әңгімеде олар екі мемлекет арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылапты.

Сонымен қатар, Путин Ресейдің Қазақстан экономикасындағы ірі инвестор екенін атап өтті. Жинақталған инвестициялар көлемі $14 млрд. құрайды екен.

Естеріңізге салсақ, Омбыда мемлекет басшыларының қатысуымен Өңіраралық әріптестіктің XVI форумы өтуде. Форум тақырыбы – шекара маңындағы әріптестіктің өзекті мәселелері. 

Бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараны бекіткені туралы хабарланған-ды. Шекара ұзындығы 7,5 тыс. километрді құрады, шекара белгілерін орнату жұмыстары 86,7%-ға орындалған.

Сондай-ақ оқыңыз