Тоқаев Назарбаевтың құзыретін кеңейтті

Жарияланды
Мемлекет басшысы кейбір тағайындауларды Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісетін болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңсінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  кадр саясатындағы құзыретін кеңейтетін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қазақстанның құқықтық нормативтік актілері сайтында айтылған.

Құжатта мемлект басшысы министрлерді тағайындау кезінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер минитрлігі мен Қорғаныс министрлігінің басшыларынан басқасын, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасыме келіседі делінген. Сондай-ақ облыс, республикалық деңгейлегі қала әкімдерін және ел астанасының басшысын тағайындауды да Нұрсұлтан Назарбаевпен келісу қажет болады.   

Президентке тікелей бағынатын және оған есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын да Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен келісіледі. Мұндай органдарға Президент әкімшілігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік, Ұлттық банк, Республикалық ұлан, Сыртқы барлау қызметі, Президент күзеті қызметі, Республикалық бюджетті орындауды бақылау жөніндегі есеп комитеті, Президент істерінің басқармасы.

Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын тағайындау Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаевпен келісілу керек. Бұрын оны президент өз әкімшілігі жетекшісінің ұсынымы бойынша тағайындайтын.
 

Сондай-ақ оқыңыз