Skip to main content

Президент масаң күйде көлік жүргізгендерді түрмеге отырғызуды ұсынды

Сонымен қатар, оларды көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру қажет

Фото: Reuters

Қасым-Жомарт Тоқаев масаң күйде көлік жүргізгендер жазасын нақты мерзімге түрмеге қамауға және жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыруға дейін қатайту қажет деген пікірде, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.

«Мені елімізде, оның ішінде, Алматыда жол-көлік оқиғаларының өте көп болуы мазалайды. Адамдар опат болып, түрлі жарақаттар алады. Зардап шегушілердің саны бойынша жолдағы оқыс жағдайлар басқа елдердегі әскери қақтығыстардан қалыспайды. Жол қозғалысы мәдениеті күрт төмендеп кетті. Кешенді шаралар қолданатын кез келді», – деді Тоқаев сейсенбіде Алматыда мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесіне арналған жиын барысында. 

Президент күні кеше ғана көлік құралдарын масаң, есірткі және басқа психотроптық заттарды тұтынған күйде жүргізгендердің жазасын күшейтетін заң нормаларын енгізу жөнінде тапсырма бергенін жиналғандардың есіне салды.

«Жол қозғалысы ережесін бұзушыларды, ішімдік ішіп, есірткі және басқа психотроптық заттарды тұтынып алып, саналы түрде көлік тізгіндегендерді түрмеге отырғызайық. Бұл біздің азаматтардың заңды құқықтарына қарсы бағытталған ауыр қылмыс. (...) Жасалған қылмыстың және қылықтардың ауыртпалығына қарай, оларды нақты мерзімге түрмеге отырғызу, қомақты айыппұлдар салу, көлік құралдарын тәркілеу, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру қажет. Басқаша болмайды», – деп мәлімдеді ол.

Қазіргі таңда Қазақстанда көлікті масаң күйде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жаза 30 тәулікке дейінгі қамауға алуды және жүргізуші куәлігінен 10 жылға айыруды қарастырады. Атап айтарлығы, жүргізуші оның қанынан 0,5 промилледен кем мөлшердегі алкоголь табылса, сау деп танылады, ол сұрақтарға жауап беріп, өзін сабырлы ұстайды.

banner_wsj.gif

"Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар жоқ"- Е.Тоғжанов

Қазір ел бойынша осы вирусты жұқтырған 49 науқас тіркелген

Фото:primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19-дың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг барысында елімізде бұл індеттен көз жұмғандар жоқ деп мәлімдеп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

"Қазір ел ішінде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы түрлі жалған ақпарат таралып жатыр. Республика бойынша одан көз жұмғандар жоқ",- деді ол. 

Осы ретте  жалпы 49 науқас тіркелгенін, оның ішінде  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам  анықталғанын айтып өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде  корнавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпаратты жоққа шығарды.Бұған дейін бірқатар халықаралық ресурстарда елімізде коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады.

Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif