БЖЗҚ әкімшілік шығындарға 12 млрд теңге жұмсаған

Жарияланды
Ол ақша еңбекақы, іс сапар, амортизация шығындарын төлеуге жұмсалған

Қазақстан Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының былтырғы жылғы табысы 71 млрд теңгеден асқан, барлық жылдық шығын 22,8 млрд теңгені құраған. Оның 54%-ы немесе 12,4 млрд теңгесі әкімшілік шығындарды жабуға жұмсалған.

«БЖЗҚ» Акционерлік қоғамының кірістер мен шығыстар туралы жылдық есебіндегі ақпаратқа сәйкес, соңғы жылда қор табысының деңгейі 69,9-дан 71,1 млрд теңгеге (немесе 2,2%-ға) дейін артқан. 2020 жылғы 1-қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, таза кіріс 41,3 млрд теңгені (2018 жылғы тиісті мерзімде ол 41,2 млрд теңге болған) құраған.

Қорытынды мәні бар шығындар тармағында, осы жылғы қаңтардағы мәліметтер бойынша  22,8 млрд теңге сомасы көрсетілген (2018 жылы – 20,4 млрд теңге болған немесе 10%-ға көп). Шығындар құрылымы төмендегідей: 27% (немесе 6,1 млрд теңге) сыйақы ретінде инвестициялық портфельдің басқарушысына төленген, 13% (немесе 2,9 млрд теңге) кастодион-банктерге сыйақы төлеуге жұмсалған, 54% (немесе 12,4 млрд теңге) жалпы әкімшілік шығындарға кеткен. 

Қызметкерлердің тікелей еңбекақысы мен іс-сапарлар шығынына «БЖЗҚ» АҚ-мы өткен жылы 7,2 млрд теңге жұмсаған, басқа әкімшілік шығындарға (оның ішінде, нотариус қызметтерінің ақысын төлеуге, шаруашылық тауарларын сатып алуғаконференцияларға қатысуға жарна төлеуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыру шығындары) – 2,5 млрд теңге жіберілді.

«Персоналға жұмсалатын шығындар, салықтарды және еңбекақы бойынша аударымдарды қоса алғанда, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, 17,5 млн теңгеге қысқарды. Ұзақмерзімдік кезеңде, үш жылдан астам уақыт, осы бап бойынша шығындар 1,2 млрд теңгеге азайған. Бұл қызметкерлердің штаттық санын 25%-ға оңтайландыруға байланысты (2017-жылдар аралығында) орын алған, өйткені осы кезеңде бизнес-процестер де оңтайландырылып, автоматтандырылды және электрондық қызметтерге көшірілді. Цифрлық қызметтердің одан дамитынын ескеретін болсақ, сірә, бұл үдеріс ары қарай  да жалғасын табатын болады», – деп хабарлады Kursiv.kz-ке «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Персоналдың, 2020 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша, жалпы саны 1740 адамды құрайды. Сәуле Егеубаеваның ақпараты бойынша, БЖЗҚ қызметкері орташа еңбекақысының көлемі (сыйлықты ескергенде), қаржы саласындағы номиналды орташа еңбекақыдан 25%-ға төмен. 

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы үшінші тоқсанда қаржы және сақтандыру саласында қызмет ететін қазақстандықтың орташа айлық еңбекақысы 484,5 мың теңгені құраған болатын. Ендеше, осы соманың 75%-на тең БЖЗҚ қызметкерінің өткен жылғы  айлық табысы 363,3 мың теңгені құраған. Ал бұл жұмыс істейтін Қазақстан тұрғынының ресми орташа айлық еңбекақысынан  (181 мың теңге) екі есе артық. 

«БЖЗҚ» АҚ басқарма мүшелерінің еңбекақысының деңгейі туралы сұраққа, еңбекақыны белгілеу Директорлар кеңесінің құзыретінде дегенді алға тартқан Сәуле Егеубаева тікелей жауап бермеді. 

«Басқарма мүшелері еңбекақысының көлемі мемлекеттің қатысуы бар компаниялардағы табыспен бірдей деңгейде», – деді аталмыш сұрақ бойынша жағдайды түсіндірген БЖЗҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ оқыңыз