Зейнетақы жүйесін жаңғырту шаралары жазға қарай дайын болады

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Сонымен қатар, мұғалім даярлау жүйесі де өзгермек

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар биыл 1 маусымға дейін дайын болады деп мәлімдеді. 

«Әлеуметтік саясат бойынша, әлеуметтік саладағы заңнама толықтай түгенделіп, хатталады. Биыл 1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту тәсілі мен ұсыныстар әзірленеді», – деді министр 28 қаңтарда өткен үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағыттталған шаралар да қолға алынады. Оның ішінде, Денсаулық сақтау Кодексі де бар, оның жобасы қоғамда «ашық және кеңінен» талқыланбақ. 

Білім беру саласында педагог мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру бағытына үлкен мән беріліп, адам капиталын дамыту мен ғылыми-өндірістік кластерді дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірленеді.

Сондай-ақ оқыңыз