1 view

Жанат Ешмағамбетов ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы болып тағайындалды

Бұған дейін ол ІІМ аппарат басшысы қызметін атқарған

Фото:polisia.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып Жанат Болатұлы Ешмағамбетов тағайындалды.

Ешмағамбетов Жанат Болатұлы 1970 жылы туған, 1993 жылдан бері құқық қорғау саласында. Басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаменттерін басқарған.

2016 жыл мен 2019 жылдары аралығында Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарған. 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болды.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер