1 view

Премьер-министрдің жаңа орынбасары тағайындалды

Бердібек Сапарбаевтың орнына Ералы Тоғжанов келді

Фото: Ortcom.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ералы Тоғжановты ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын» делінген хабарламада.

Премьер-министрдің жаңа орынбасары 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  Жоғары білімді: 1983-1988 жылдары  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алса, 1991-1994 жж ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында аспирант және ғылыми қызметкер болған.

Мемлекеттік салада ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан Ералы Тоғжанов әр жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі болған. 2019 жылы Кәсіподақтар ферерациясының төрағасы болып тағайындалған.

Айта кетейік, оған дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер