Екі министрлікке жаңа вице-министрлер тағайындалды

Динара Щеглова мен Жанат Жахметова жаңа қызметке ие болды

Фото: Shutterstock

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, ал Жанат Зарубекқызы Жахметова Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды  Primeminister.kz

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған. 2004 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «менеджмент» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ экономика,  қаржы және халықаралық сауда университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

2011 жылдан бастап «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ында Инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері қызметінде істей бастады, кейіннен Сервистік ақпараттандыру моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды, кейіннен холдингтің басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып еңбек етті.
 
Ж.Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған.
 
Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg