Қазақстанның Чехиядағы елшісі тағайындалды

Бұл қызмет Марат Тәжінге сеніп тапсырылды

Қазақстан президенті Қазақстанның Чехиядағы елшісін тағайындады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Тәжін Марат Мұқанбетқазыұлы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Марат Тәжін 1960 жылғы 8-сәуірде дүниеге келген. Түрлі жылдарда президент аппараты мен министрлер кабинетінде қызмет атқарды. Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі-Қауіпсізді кеңесінің хатшысы болды. Сондай-ақ ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер министрлігінің басшысы қызметтерінде, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған-ды.

2019 жылғы 18-қыркүйекке дейін Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы лауазымын атқарды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif