Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Жарияланды
Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды

Бүгін Қазақстанның үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  ел үкіметінің орнынан түсуін қабылдау жайлы жарлыққа қол қойды. ҚР Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Ақорда хабарламасында. 
 

Сондай-ақ оқыңыз