Трамп егер сайлаушылар Байденге дауыс берсе, кетуге уәде берді

Жарияланды
Ол сайлау кезінде алаяқтық болғанына сенімді

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлаушылар алқасы дауыс берсе, билікті Демократиялық партияның президенттігіне кандидат Джо Байденге тапсыруға уәде берді. Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.

 «Әрине, мен көнемін, сіздер мұны білесіздер», – деп Трамп журналистердің тиісті сұрағына жауап берді.

Алайда қазіргі президент өзінің жеңілісін мойындағысы келмейді. Трамп егер сайлаушылар коллегиясы Байденнің жеңісін растайтын болса, «олар қателеседі», бірақ ол биліктен бас тартып, Ақ үйден кететінін айтты.

 «Бірақ көп нәрсе 20 қаңтарға дейін белгілі болады деп ойлаймын (жаңа президенттің инаугурациясы болатын күн – И.Ф.) »  – деп қосты ол.

Трамп АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде көптеген алаяқтықтар болғанын қайталап, бірақ дәлелдер келтірген жоқ. Ол 74 миллионнан астам дауыс алғанына сенім білдірді. Бірақ оны қолдаған бюллетеньдер жойылды, ал Байден, оның айтуынша, 80 миллион дауыс ала алмады.

 «Ары қарай не болатынын білмеймін. Мен бір нәрсені білемін, Джо Байден 80 миллион дауыс ала алмады», – деді қазіргі президент.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тағы сайлау инфрақұрылымын үшінші әлем елдерімен салыстырды.

 

Сондай-ақ оқыңыз