Тоқаев Кувейт, Молдова және Кипрдегі жаңа елшілерді тағайындады

Жарияланды
Мемлекет басшысының Жарлығымен

Қазақстанның Кувейттегі, Украинадағы және Израильдегі елшілері тағайындалды, – деп хабарлады akorda.kz.

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
 

Сондай-ақ оқыңыз