1 view

Заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқандарға қатысты сот үкімі шықты

10 қылмыскер бірнеше жылға сотталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

27 қаңтар  күні Алмалы аудандық соты Алматы қаласы және Алматы облысының 10 тұрғынына қатысты үкім шығарып, қылмыскерлер бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2019 жылдың маусым айында заңсыз қару тасымалдаумен айналысатын халықаралық арнаның жолын кескен еді. Сол кезде заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 граната атқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аса оқ пен керек-жарақ тәркіленген», – делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің де аталмыш қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Лауазымды қызметкер ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлаған.  

Сонымен қатар, қару құрастырумен айналысқан  жасырын шеберхананың жұмысы тоқтатылды. 

Бұған дейін Шымкент маңында әскери бөлімнен қару ұрлап қашқан сарбаз ұсталғаны хабарланған болатын. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер