1 view

Наурыз айында Катар мен Қазақстан арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Qatar Airways компаниясының ұшақтары Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына жолаушы мен жүк тасымалдайды

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов наурыз айынан бастап Qatar Airways әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына жолаушы және жүк тасымалдай бастайды деп мәлімдеді. 

Қазақстан мен Катар арасындағы әуе қатынасының жолға қойылуы жолаушы және жүк тасымалының артуына ықпал етпек. 

Министр былтыр қараша айында Қазақстан мен Катардың авиациялық билік өкіллдері әуе қатынасы туралы Меморандумға қол қойғанын еске салып өтті:  аталмыш құжат Қазақстанда енгізілген "ашық аспан" режимі аясында катарлық компанияларға почта мен жұк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Меморандумға сәйкес, Qatar Airways авиакомпаниясы Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында аптасына жеті рет жолаушы тасып, сондай-ақ Дохо мен Алматы арасында жеті жүк рейсін орындай алады. Алғашқы рейстер 2019 жылдың желтоқсанында  ұшады деп болжанған еді, алайда кейінірек 2020 жылдың көктеміне қалдырылды.

Дәленов Қазақстан мен Қатар арасындағы тауар айналымы жылына 2 миллион долларды құрайтынын айта келіп, оның көлемін арттыруға бірлесе күш салуды ұсынды.

Осы орайда Катар инвесторларын Қазақстанға шақырғым келеді» ,– деп түйіндеді Руслан Дәленов. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер