1 view

Коронавирустың таралуы мұнай бағасына да әсер етеді

Бірінші тоқсанда Brent мұнайының бағасы орта есеппен 55 доллар болады

Фото: Shutterstock

Morgan Stanley агенттігінің сарапшылары коронавирус індетінің таралуына байланысты мұнай бағасы мен қара алтынға деген сұраныс төмендейді деп болжам жасап отыр. Бұл індеттің салдарынан темір жол және әуе тасымалы 60-70 пайызға қысқарған, деп жазады Интерфакс агенттігі.

2020 жылы әлемдік нарықтағы артық мұнай көлемі күніне 300 мың баррельге жетуі мүмкін. Ал тұтынушылық сұраныс 15 пайызға кемиді.

Сарапшылар Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы бірінші тоқсанда 55 доллар болатынын айтады, бұған дейін 67,5 доллардан сатылады деген болжам жасалған еді. Ал екінші тоқсанда сәл-пәл қымбаттап, 57,5 долларға сатылуы мүмкін. WTI сортының да бағасы арзандайды, 62 доллардан сатылады деген мұнай бағасы 50 долларды құрауы ықтимал. 

 Morgan Stanley агенттігіне сілтеме жасаған Bloomberg: «Біз ОПЕК қатысушылары қолданыстағы келісімді (өндіруді шектеу туралы) 2020 жылдың соңына дейін ұзартады деп күтеміз», - деп зерттеуден үзінді келтіреді.

Сарапшылар Бразилия, Норвегия және Канадада өндіріс көлемі артады деп санайды.  Яғни, 2020 жылы ОПЕК құрамына кірмейтін елдерден жеткізілетін мұнай көлемі  шамамен 1,9 млн баррельге артуы мүмкін. 

Айта кетейік, қазіргі кезде коронавирустан қайтыс болғандардың саны мыңнан асып, 42,6 мың адам инфекция жұқтырған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер