1 view

Қорғаныс министрлігі биыл 10 млрд теңге үнемдейді

Нұрлан Ермекбаев қорғаныс саласында атқарылып жатқан шаруалар жайлы баяндады

Фото: Akorda.kz


Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдап, министр  еліміздің қарулы күштерін қалыптастыру және дамыту, қорғаныс саласының шығындарын оңтайландыру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қорғаныс министріне халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, армияны тиімді әрі бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтау, әскери білім беру ісінің және әскери дайындық үдерісінің сапасын арттыру, сонымен қатар, әскери парадқа дайындық барысы жөнінде бірқатар тапсырма берген.

Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау, әскери техникаларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жоспары, сондай-ақ, электронды әскери комиссариат жобасын енгізу үдерісі туралы айтқан.

Министрдің айтуынша, жүргізілген талдау жұмыстары мен штабтық-ұйымдастыру шаралары биыл 10 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кездесуде Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою және оқ-дәрі сақтау инфрақұрылымын жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстарға баса мән берілді.  

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер