1 view

Қазақстанның бүкіл өңірлерінде әлеуметтік ID карта іске қосылады

Қазір бұл жоба бірнеше облыста жүзеге асырылып жатыр

Фото: Shutterstock.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев «Азаматтың әлеуметтік ID картасы» жобасының жүзеге асырылу жайын айтты. 

 «Бүгінде 45 мыңға жуық карта шығарылды. Пилоттық жобаны 2019 жылғы шілдеден бері  Ақтөбе әкімдігімен бірлесе жүзеге асырып жатырмыз. Операторы – «Қазпошта» АҚ. Картаның ақтөбеліктер үшін тиімді екенін байқап, біз жобаны біртіндеп кеңінен қолдану туралы шешім қабылдадық. Осылайша, әлеуметтік ID карта қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында сәтті енгізілуде», – деді ол. 

Жоба қолға алынғалы бері 31 мың транзакция жүзеге асырылған.

«Биыл әлеуметтік карталарды бүкіл ел бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Нариман Мұқышев. 

 «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID картасы» –бұл жәрдемақылар мен төлемдер түсетін пластикалық карта. Картаның көмегімен бірқатар қызмет ақы төлеуге болады. Бұл ретте, егер картаның иесі жеңілдік санатына жататын болса, ақша есептен шығарылмайды, бірақ төлем туралы хабарлама көрсетіледі. Әлеуметтік ID карта АӘК төлемін, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуді, мектептерде көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларына ақысыз тамақтануды көздейді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер