Еліміздегі талшықты-оптикалық байланыс желісі неге ауылға ғана керек емес

Жарияланды
Оны «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы түсіндірді

Көптеген адамдар еліміздің ауылдық елде мекендерде біздің компания жүзеге асырып жатқан талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) жобасының құрылысы тек ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті жою үшін ғана қажет, деп ойлайды. Шын мәнінде, ол шалғайдағы қазақ ауылына қалай керек болса, ел экономикасына да сондай қажеттігі бар. 

Ауылдық елді мекендердегі талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы жүзеге асырылғаннан кейін, қазақстандық ауыл тұрғындарының қандай жетістіктерге қол жеткізетіні туралы аз айтылған жоқ, міне, соның барлығы әділетті және дұрыс: осы жылдың соңына қарай, 2 мыңнан астам қазақстандық ауылдар талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылып, кеңжолақты интернетке қол женткізеді. Жетімділіктің осы нүктелеріне жақын орналасқан тағы 3–3,5 мыңға жуық ауылдық елді мекендер олардан LTE технологиясының көмегі бойынша белгі қабылдау мүмкіндігіне ие болады. 

Елімізде барлығы 6 мыңға жуық ауыл бар. Біздің кеңжолақты жетімділікпен нақты қамту мүмкіндігіміз халық тұрып жатқан ел аумағының, шамамен, 90%-ын құрайды. LTE стандарттарындағы станциялар пайда болу үшін, бұл елді мекендерге инвесторлар тарту қажет екені түсінікті. Міне, солар, бейнелеп айтқанда, ТОБЖ бар ауылдардың шыға берісіне бір мұнара және сол бірінші мұнараның белгісі жеткізілетін ауылдың кіреберісіне екінші мұнара орнатулары керек.

Атап айтарлығы, ондай инвестолардың тек ұялы байланыс операторы болуы шарт емес. Қазір елімізде пайдалы қатты қазбалардың геологиялық барлауы белсенді жүзеге асырылып жатыр, мәселен, өткен аптада ғана экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешев өз ведомствосының алқа мәжілісінде тек өткен жылы ғана 27 жаңа кен орындарының ашылғанын мәлімдеді, олардың тек сегізі Каспий жалауына жақын орналасқан көмірсутекті кеніштер.

2019 жылы мемлекет балансына алғаш рет алтынның алты кеніші, темір кендерінің екі кеніші, мыс пен хром кендірінің бір-бір кеніші қойылды.  Олардың барлығы «Қазақтелеком» оптика талшығын тартып жатқан аймақтарда орналасқан. Міне, сол кен орындарының барлығы, ерте ме кеш пе игеріледі, ал егер қазіргі кезеңнің талаптарын ескеретін болсақ, олар Қазақстанның бір қатар кен орындарында қолданылып жатқан «Цифрлық кеніш» технологиясын пайдалану жолымен игеріледі. 

«Цифрлық кеніш» – ол, шын мәнінде, сол баяғы интернет дүние, ол кеңжолақты жетімділіксіз жұмыс істемейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, «Цифрлық кеніш» өндіруді әлдеқайда табысты етеді, өйткені ол өндірістік шығындарды жойып қана қоймай, олардың алдын алады.  Уақыт өткен  сайын, неғұрлым сұранысты болады, оның ішінде, Қазақстанда да. Ал олар кеніш орындары орналасқан шалғайдағы өңірлерде жұмыс істеуі үшін сол баяғы LTE мұнаралары қажет. Олардың бірі ТОБЖ нүктесінің шығаберісінде , ал екінші – кіреберісінде орнатылуы керек.

Міне, сол мұнаралардың жетімділік аумағы талшықты оптика тарту тиімсіз болатын ауылдық елді мекендерді қамтитын болады. Мен ТОБЖ инфрақұрылымының қаладан тыс жерде біздің өндіріс үшін сұранысты болуының бір ғана мүмкіндігін мысал ретінде келтірдім, бірақ, шын мәнінде, шалғай өңірлерде қоныс тепкен өндірістік кәсіпорындар бар емес пе. Оның үстіне, барлық автотрассалар мен теміржол жолдарының бойын тұтас және кеңжолақты жетімділікпен қамтамасыз ету мәселесі де, әзірше, шешілмеген. 

Қазір маңыздысы, біз бүкіл еліміз бойынша кеңжолақты кіргізуді масштабтау мүмкіндігін жасап жатырмыз: радиобелгімен ауқымды аймақты қамтуға болатын нүктеге дейін кабель жеткізу, кейін осы белгіні ауамен жеткізуге тапсырыс беруші табудан әлдеқайда қымбат әрі күрделі. Атап айтарлығы, қандай да бір аймақта негізігі тапсырыс беруші ірі өндірістік кәсіпорын болуы мүмкін, ал сол аймақтағы халық осындай жобаны жүзеге асыруды қолға алатын ұялы байланыс операторы үшін қосымша бонус ретінде тіркеле алады. 

Сондай-ақ оқыңыз