Беларусь Қазақстанмен мұнай жеткізу туралы келіссөздер жүргізді

Жарияланды (жаңартылды )
Кездесуге ҚР энергетика вице-министрі қатысты

«Белнефтехим» делегациясы Қазақстанда мұнай жеткізу туралы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстанның энергетика министрлігіне сілтеме жасаған «РИА Новости».

«Бүгін «Белнефтехим» концерні өкілдері қазақстандық компаниялардың  басшыларымен кездесті. Кездесуге Қазақстанның энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Кездесу жұмыстық сипатта өтті», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, 5-ақпанда Беларусьтің вице-премьері Игорь Ляшенко келісім «жоғары деңгейде дайын», деп мәлімдеген болатын.

 Беларуське қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу туралы келіссөздер өткен жылдың ортасынан бері жүргізіліп келеді. Атап айтарлығы, осы орайда, Қазақстан принциптік тұрғыдағы бір ғана шарт қойып отыр – Минск қазақстандық мұнай өнімдерінің реэкспортына тыйым салу керек.
 

Сондай-ақ оқыңыз