Қазақстан Өзбекстанның шикізаттық қосымшасы болып бара жатыр

«Атамекен» ҰКП басшысы осылай деп есептейді

Фото: Shutterstock

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен брифинг барысында Өзбекстанға малды белсенді әкету мәселесін шешудің қажеттігі туралы айтты.

2019 жылы Өзбекстанға экспортқа 156 мың ірі қара мал және 260 мың бас қой жөнелтілген. Мырзахметов осындай статистика келтірді.

«Осы орайда, атап айтарлығы, біздің өзіміздегі 15 ұқсату кісіпорындарының жүктемесі тек 45%-ды ғана құрайды. Біз Өзбекстанның шикізаттық қосымшасына айналып бара жатырмыз. Сонда біз артынан өз малымызды Өзбекстаннан қайта сатып алу үшін, фермерлерге субсидия беріп, мал шаруашылығын дамытып жатырмыз ба? Назар аударсаңыздар, ол жақтан біз ет консервілері мен шұжықтар сатып аламыз. Көңілге қонбайтын іс қой бұл», - деді ашуланған ол.

Мырзахметовтың айтуынша, орын алған жағдайға көршілеріміздің малға неғұрлым қымбат баға ұсынуы себеп болып отыр. 

«Мәселенің мәнісін анықтадық. Сөйтсек, өзбек тарабы малды 100 немесе 200 теңгеге (бір бас үшін) қымбат сатып алады екен. Ендеше, ондай ынталандыруды өзіміз жасайық. Принциптік тұрғыдан алғанда, біз бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігімен келіскенбіз».

Естеріңізге салсақ, осындай жағдайдың орын алуы салдарынан 2019 жылғы жазда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі (АШМ) елден аналық ірі қара малды әкетуге тыйым салуға ниетті екенін мәлімдеген болатын.. 
Желтоқсанда АШМ бұйрығы талқылауға ұсынылған болатын, әзірге оның нәтижелері белгісіз.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Болат Бақауовтың бас бостандығы 3,5 жылға шектелді

Фото: shutterstock.com

Бүгін Павлодар қалалық №2 сотында Павлодар облысы экс-әкімінің ісі видео конференция режимінде қаралып, айыпталушы үй қамағынан босатылды. 

Өткен жылы Болат Бақауовтың туысы басшылық ететін «Aksu Trans Logistik» компаниясында жүргізілген тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның 2014-2018 жылдар аралығында 200 млн теңгеден аса салық төлемегені анықталған. Болат Бақауов тексеріс нәтижесіне ықпал етпек болып, жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне өтелмеген салық көлемін 3-5 млн теңгеге дейін төмендетіп көрсетуді талап еткен. 


«Бақауовтың заңсыз әрекеттері жергілікті және республикалық бюджетке аударылуы тиіс ірі көлемдегі салықтың түсуіне, сонымен қатар құзырлы органның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексі 361-бабы 4-бөлімі 3 пунктінде қарастырылған («Лауазымдық қызметтерін асыра пайдалану») қылмыстық құқықбұзушылықты жасады», - деді прокурор Елена Белова. 

Бұрынғы облыс әкімінің өз кінәсін толық мойындауы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуы және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалдың ерікті түрде өтеуі оның жауапкершілігін жеңілдетті.

«Сот 3 жыл 6 ай көлемінде бас бостандығын шектеу, жазасын өтеу кезеңінің барлық мерзімінде пробациялық бақылау, жылына 100 сағат қоғамдық жұмыстарды тарту жазасын тағайындау әділ деп санайды. Үй қамағынан босатылсын», - деді №2 қалалық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков. 

Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету мүмкіндігінен айырылды. 

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты тұтқындап, бір айдан соң экс-экім үй қамағына босатылған еді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg