Өскеменге төмен байытылған уран жеткізілді

Төмен байытылғын уран банкі соңғы партияны сақтауға қабылдап алды

Фото: Shutterstock.com

Төмен байытылғын уран банкі (ТБУБ) Өскемендегі мамандандырылған нысанда төмен байытылған уранның екінші және соңғы партиясын қабылдап алды. Бұл турасында Интерфакс хабарлайды.

«Қазатомөндіріс» Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытына (ҮМЗ) ТБУ-дың 28 баллонын жеткізді. Уран Қазақстаннан шыққан және ТБУ ретінде поезбен Шығыс Қазақстандағы алаңға әкелуден бұрын, ол Ресейдегі қондырғыда байытылған, бұл жерде ол МАГАТЭ сарапшылары тарапынан тексеріліп, ресми түрде қабылданып алынды», – делінген МАГАТЭ-нің хабарламасында.

МАГАТЭ-нің ТБУ банкіне төмен байытылғын уранның алғашқы партиясы ағымдағы жылғы қазанда жеткізілген болатын. 

«Жеткізілім материалдың жоспарланған қорын қалыптастыруды аяқтайды, ол қазандағы алғашқы жеткізілімнен кейін МАГАТЭ-нің ТБУ банкінде сақталады», – делінген түсініктеме берілген ақпаратта.


Бұдан бұрын хабарланғандай, ТБУБ-те атом электростанцияларындағы стандартты жеңіл су реакторына арналған отын дайындауға жарамды уран гексафторидының 90 метрикалық тоннасы сақталатын болады. 

«ТБУ-дың бұл резерві радиактивтік қалдық емес, ол халыққа және қоршаған ортаға қауіп тудырмайды, сақталатын материал МАГАТЭ-ге мүше елдер отынды дәстүрлі жеткізудің саяси себептер байланысты тоқтататылуына тап болған жағдайларына арналған», – деп атап өтілген хабарламада.


Қазақстанның және МАГАТЭ-нің инвестициялары арқасында, осы салада көптеген жылдық тәжірибесі бар ҮМЗ негізінде, материалды қауіпсіз сақтауға арналған инфрақұрылым жасалды.

«Қазатомөндіріс» Акционерлік қоғамы мен француздық «Орано-Цикл» компаниясы МАГАТЭ-нің ТБУБ-не материал жеткізушілер болып табылады. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Болат Бақауовтың бас бостандығы 3,5 жылға шектелді

Фото: shutterstock.com

Бүгін Павлодар қалалық №2 сотында Павлодар облысы экс-әкімінің ісі видео конференция режимінде қаралып, айыпталушы үй қамағынан босатылды. 

Өткен жылы Болат Бақауовтың туысы басшылық ететін «Aksu Trans Logistik» компаниясында жүргізілген тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның 2014-2018 жылдар аралығында 200 млн теңгеден аса салық төлемегені анықталған. Болат Бақауов тексеріс нәтижесіне ықпал етпек болып, жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне өтелмеген салық көлемін 3-5 млн теңгеге дейін төмендетіп көрсетуді талап еткен. 


«Бақауовтың заңсыз әрекеттері жергілікті және республикалық бюджетке аударылуы тиіс ірі көлемдегі салықтың түсуіне, сонымен қатар құзырлы органның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексі 361-бабы 4-бөлімі 3 пунктінде қарастырылған («Лауазымдық қызметтерін асыра пайдалану») қылмыстық құқықбұзушылықты жасады», - деді прокурор Елена Белова. 

Бұрынғы облыс әкімінің өз кінәсін толық мойындауы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуы және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалдың ерікті түрде өтеуі оның жауапкершілігін жеңілдетті.

«Сот 3 жыл 6 ай көлемінде бас бостандығын шектеу, жазасын өтеу кезеңінің барлық мерзімінде пробациялық бақылау, жылына 100 сағат қоғамдық жұмыстарды тарту жазасын тағайындау әділ деп санайды. Үй қамағынан босатылсын», - деді №2 қалалық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков. 

Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету мүмкіндігінен айырылды. 

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты тұтқындап, бір айдан соң экс-экім үй қамағына босатылған еді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg