Қазақстанда киім өндірісі 7,5 пайызға артты

Жеңіл өнеркәсіп көлемі 87,5 млрд теңгені құраған

Фото: Reuters

2019 жылғы 10 айда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9%-ға өсіп, 87,5 млрд теңгені құрады. Соның ішінде, тоқыма бұйымдары 23,7%-ға, ал киім-кешек өндірісі – 7,5%-ға артты, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінде елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына айтарлықтай назар аударылып отыр. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп саласы: тоқыма өнеркәсібі – 52%, киім-кешек өндірісі – 38%, сондай-ақ, 10 пайыз былғары және оған қатысты өнімдер үш негізгі топқа біріктірілген»,– делінген хабарламада.

Жеңіл өнеркәсіп саласында мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істесе, олардың 96% – шағын кәсіпорындар. Оларда 11 мыңға тарта адам жұмыс істейді.

«Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға, Қазақстанның қарулы күштері мен тәртіп сақшыларына, сондай-ақ қарапайым халыққа арналған киім шығарады. Олардың қатарында сырт киім, ерлерге арналған костюмдер, балалар киімі, бас киім, үй тоқымасы және аяқ киім бар. Бұдан басқа, отандық өндірушілер халыққа иірілген жіп пен мата, кілем, былғары өнімдерін ұсынады», – делінген хабарламада.

Қазақстанда осы бағытта бірнеше жобалар қолға алынып, ішкі нарықты отандық сапалы өніммен толтыру үшін қолайлы жағдай жасалуда. Сонымен қатар, экспортты арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату мәселелері де қолға алынып, "Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша бәсекеге қабілетті дайын өнімді шығаратын кәсіпорындарды қолдауға назар аударылған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif