Skip to main content

Тоқаев Алматыдағы көлікті және ЖЭО-2-ні газдандыру туралы мәлімдеді

Сондай-ақ ол алма бақтары туралы да айтты

knep.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы айтып берді

«Алматыдағы ауаның сапасын жақсарту үшін ЖЭО-2-ні газға ауыстырып, көліктерді газ жүйесіне көшіру қажет. Іле Алатауы бөктеріндегі алма бақтарының сақталуын ерекше назарға алу маңызды. Бұл - Алматының және бүкіл еліміздің игілігі!», - ндеп жазды Твиттерде ҚР басшысы.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы бірнеше рет айтылған болатын. Оның ішінде, энергетика министрлігі газдандыру мәселесіне басты назар аударған болатын.
 

banner_wsj.gif

Қазақстанның қай облысында су қоймасы салынады?

Бұл сұраққа геология, экология және табиғи ресурстар министрі жауап берді

Фото: kursiv.kz

Қазақстанда 2030 жылға дейін 28 су қоймасы салынады. Бұл туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. 

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 1,5 млн гектардан 3 миллион гектарға арттыруға тапсырма бергенін айтып өтті. Осы мақсатта 2030 жылға дейін 28 су қоймасы салынбақ. 

"Су қоймасын Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында салу көзделіп отыр", - деп нақтылады министр.

Министрдің есебі бойынша, бұл су қоймаларында жалпы көлемі 3,8 текше шақырым су жинауға болады, бұл қосымша 470 мың гектар ауылшаруашылық жерді суаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 12 су қоймасы екі мақсатқа пайдаланылады, біріншісі - суаруға қажетті суды жинау болса, екіншіден, 70-тен аса елдімекенді тасқын қаупінен сақтап тұрады.

2020-2021 жылдары 6 785 километр канал, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тік дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылығы құрылыстары қайта жаңартылады.

Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қосымша 500 мыңдай гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шамамен 274 млрд теңге көзделген. 
88 мың жұмыс орны құрылмақ.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif