Өзбекстан АЭС салу жоспарынан бас тартпайды

Кем дегенде, алғашқы екі блок іске қосылатын болады

Фото: Depositphotos

Ташкенттегі жиында сөз сөйлеген «ӨзАтом» басшысы Жұрабек Мирзамахмудов өзбекстандық атом электр станциясын (АЭС) іске қосу жөніндегі жоспардың өзгермейтіндігін растаған мәлімдеме жасады. Станцияның алғашқы блогы 2028 жылы жұмысын бастау керек болса, екіншісі бір жылдан кейін іске қосылуға тиіс. Блоктардың әр қайсысының қуаты 1,2 мың МВт-ты құрайды. 

Жоба Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім-шарт аясында ресейлік жоба бойынша жүзеге асырылуда. Келісім-шартты жүзеге асыруға екі ел президенттері 2018 жылғы қазанда Ташкентте бастау берген-ді. Станция құрылысын «Росатом» жүргізетін болады. 

Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі 2019 жылғы шілденің басында АЭС салатын орынды белгілеумен аяқталып, таңдау Жизақ облысындағы Тұзкөл көлінің маңындағы аумаққа түсті. Мұнда жұмыстың екінші кезеңі бастау алып, сейсмологиялық және геофизикалық зерттеулер жүзеге асырылды. Алынған нәтижелердің негізінде республикадағы алғашқы АЭС-тің техникалық жобасын дайындау бойынша ұсыныстар енгізіледі. 

«Курсив» бұдан бұрын Өзбекстанның энергетика министрі Әлишер Сұлтановтың хабарлауы бойынша, АЭС үшін таңдап алынған аумақтың төрт энергоблокқа арналғаны туралы жазған болатын. Қосымша екі блокты алғашқы екеуін іске қосқаннан кейін салу жоспарланып отыр. Алайда «Курсивтің» мәліметтері бойынша, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Болат Бақауовтың бас бостандығы 3,5 жылға шектелді

Фото: shutterstock.com

Бүгін Павлодар қалалық №2 сотында Павлодар облысы экс-әкімінің ісі видео конференция режимінде қаралып, айыпталушы үй қамағынан босатылды. 

Өткен жылы Болат Бақауовтың туысы басшылық ететін «Aksu Trans Logistik» компаниясында жүргізілген тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның 2014-2018 жылдар аралығында 200 млн теңгеден аса салық төлемегені анықталған. Болат Бақауов тексеріс нәтижесіне ықпал етпек болып, жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне өтелмеген салық көлемін 3-5 млн теңгеге дейін төмендетіп көрсетуді талап еткен. 


«Бақауовтың заңсыз әрекеттері жергілікті және республикалық бюджетке аударылуы тиіс ірі көлемдегі салықтың түсуіне, сонымен қатар құзырлы органның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексі 361-бабы 4-бөлімі 3 пунктінде қарастырылған («Лауазымдық қызметтерін асыра пайдалану») қылмыстық құқықбұзушылықты жасады», - деді прокурор Елена Белова. 

Бұрынғы облыс әкімінің өз кінәсін толық мойындауы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуы және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалдың ерікті түрде өтеуі оның жауапкершілігін жеңілдетті.

«Сот 3 жыл 6 ай көлемінде бас бостандығын шектеу, жазасын өтеу кезеңінің барлық мерзімінде пробациялық бақылау, жылына 100 сағат қоғамдық жұмыстарды тарту жазасын тағайындау әділ деп санайды. Үй қамағынан босатылсын», - деді №2 қалалық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков. 

Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету мүмкіндігінен айырылды. 

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты тұтқындап, бір айдан соң экс-экім үй қамағына босатылған еді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg