Қатарлық инвесторға сатылатын Bereke Bank 2023 жыл үшін дивиденд төлемейтін болды. Жалғыз акционердің шешімі Қазақстан қор биржасының сайтында орналастырылған.
Акционер бұл шешімін банк меншікті капиталының төмендеу қаупімен түсіндірген. Банктің былтыр тапқан 28,9 млрд теңге таза пайдасы акционерлік қоғам меншігінде қалдырылған.
Қор биржасындағы 2023 жылдың қазан айындағы дерек бойынша, банктің меншікті капиталы 151,6 млрд теңгені құрайды. Жиынтық активтерінің көлемі 1,8 трлн теңгеге тең болса, жиынтық міндетттемесі 1,7 трлн теңгегі құрайды.
Ұлттық банк ЕДБ-дан меншікті капитал жеткіліктілігінің k1, k1-2 және k2 коэффициенттерін активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекелдердің 5,5%, 6,5% және 8%-нан кем болмауын талап етед...